Шымкент қаласында кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында: «Заң жобасы шеңберінде ішкі нарықты сапалы өніммен қанықтырып, экспорттауға баса назар аудару керек. Осы мақсатта өнеркәсіп салаларындағы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын ынталандырған абзал. Отандық тауар өндірушілерді өндірілген өнімді жаңа, күрделірек қайта бөлуге ауысуға ынталандыру мақсатында орта және жоғарғы қайта өңдеудің басым тауарларының тізбесі енгізілді. Бүгіндебұл тауарлар тізбесі қалыптасты. Шикізат сегментіне жататын тауарларды қоспағанда, шикізатқа жақын, өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларын құрайтын 4 мыңнан астам тауардан тұрады», деп атап өтті.
Оның айтуынша отандық тауар өндірушілерді өндірілген өнімнің жаңа, неғұрлым күрделі бөлініске ауысуға ынталандыру мақсатында Орта және жоғарғы бөлініс басым тауарларының тізбесі енгізілуде. Бүгінгі күні бұл тауарлар тізбесі қалыптасып, шикізатқа жақын, шикізат сегментіне жататын тауарларды қоспағанда, өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларын құрайтын 4 мыңнан астам тауардан тұрады. «Барлық операторлар өндірістік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру кезінде осы тізімді басшылыққа алатын болады», деді ол.