Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Ғалым Әбіханұлы Әшімов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Vest.kz хабарлады.
Ғ.Әшімов 1968 жылы туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер. Жәйрем кентінің, Қаражал қаласының әкімі, облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болған.
Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Айтуғанов «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Vest.kz
Фото: Vest.kz.