• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Атырауда екі айлық сәби көрпе ішінде тұншығып өлді

236 рет
көрсетілді

Атырау облысында екі айлық сәби көрпе ішінде тұншығып, көз жұмды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Сәби көрпеге оралуы себепті шетінеді. Ата-анасының айтуы бойынша, нәресте ұйықтап жатып, көрпеге оралып қалған. Қазір құқық қорғау қызметкерлері осы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастап кетті.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары бетінде сәбилерді бақылаусыз қалдырғаны себепті олардың газға уланып, қайтыс болғаны жазылған еді. Ал жоғарыдағы оқиғаны тәртіп сақшылары үлкендер тарапынан жіберілген ағаттыққа жатқызып отыр. Сондықтан олар бүлдіршіндерді қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Gazeta.kz

Фото: Matrony.ru

Соңғы жаңалықтар