«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Оған сәйкес, білім беру объектілеріндегі тамақтандыру нысандарының жұмысына рұқсат берілді. Бұл ретте, ас залында бір мезгілдегі балалардың саны 60-тан аспауы, отыратын орындардың 50 пайызынан артық қолданылмауы қажет.
Сонымен бірге, мектеп асханалары қызметшілері жұмысқа шығар кезде бір рет COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілуі тиіс.
Жаңа қаулы 2021 жылғы 1 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Еске салайық, Ақмола облысында 27 ақпаннан бастап бірқатар өзге де шектеулер алынды.