• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2021

ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды

170 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемені анықтады

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 22 ақпаннан бастап «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Арнайы құрылған 26 топ қызметтік қару ұстайтын заңды тұлғаларға тексеру жүргізді. Олардың қатарына күзет агенттіктері, инкассация қызметі және «Қазпошта» АҚ жатады. Мамандар аталған мекеме қызметкерлеріне қызметтік қару мен оқ-дәріні сақтау және қолдану тәртіптерін жіті түсіндірді.

«Шара барысында сақшылар 170-тен астам объектіні тексерді. Қызметтік қару мен оқ-дәрінің жетіспеу немесе бекітілген шектен артық болу фактілері тіркелген жоқ. Десе де қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабына сәйкес 6 әкімшілік хаттама толтырылған», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы 5 наурызға дейін жалғасады.