• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2013

Батыс Қазақстан облысында 31 елді мекен жарықсыз қалды

338 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 9 мыңға жуық тұрғын үй жарықсыз қалды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Мамандардың айтуы бойынша, электр желілері қатқан мұздақтың салмағын көтере алмай, бірнеше жерден үзілген. Осының салдарынан аталған өңірдегі Казталов, Зеленов, Жаңақала, Бөкей Ордасы, Тасқала, Сырым мен Жәнібек аудандарының елді мекендері қараңғылық құшағында қалды. Қазір энергетиктер мен төтенше жағдай қызметінің мамандарынан жасақталған арнайы бригада үзілген электр желілерін қалпына келтіруде

«Арнайы бригада тұрғындарды жарықпен қамтуға кірісіп кетті. Әзірге Жәнібек пен Казталов аудандарының елді мекендеріне жарық берілді. Бірақ, ауа райының бірқалыпты болмауы жұмысты мерзімінде бітіруге кедергі келтіріп тұр. Әйтсе де, біз бар мүмкіндікті жасаймыз», - дейді «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ директорының бірінші орынбасары Марат Жұмағалиев.

Мұндай жағдай жергілікті өңірде былтыр да тіркелген екен. Келеңсіздіктің тағы қайталанғаны көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Жауапты тұлғалар жақын арада мәселенің біржақты шешілетініне уәде берді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: Elektroas.ru

Соңғы жаңалықтар