Балалы болу, ұрпақ жалғастыру – әр отбасыныңбақыты ғана емес, мемлекеттің де байлығы. Халық саны көбейсе, дербес ел ретіндегі тұғырымыз да беки түседі.
Бүгінде Қазақстанда экономикалықсаланы ғана емес, демографиялық ахуалды шешубағытында да бірталай жұмыс атқарылып жатыр. Ана мен бала денсаулығын қорғау, көп балалыотбасыларды әлеуметтік қолдау, жөргекпұл мен жәрдемақыны көтеру, отбасылық құндылықтардыдәріптеу, көші-қон жағдайын реттеу секілдімәселелер де ерекше назарда. Бұл туралы Президенттің Жолдаулары мен үндеулерінде үнеміайтылады және осыған байланысты көптегенбағдарлама да қолға алынған.
Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың 1 қаңтардағы есебі бойынша, қазіргі таңда ел халқыныңсаны – 18 млн 877,1 мың. Оның 59%-ы қалалық жердетұрса, 41%-ы ауылды мекен етеді.
Ал 0-17 жас аралығындағы балалар саны жалпыхалықтың үштен бірін құрайды. Айталық, 2011 жылы осы жас аралығындағы жеткіншектер қатары 4 млн 851 мың538 болса, былтыр 6 млн 11 мың 156-ға жеткен. Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінежүгінсек, елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам сәбидүниеге келеді. Ал 2020 жылы 425 625 бала өміргекелген. Осылайша, былтыр дүние есігін ашқан сәбилеросыдан 33 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Демограф-ғалым Аяулым Сағынбаеваның айтуынша, әр отыз жылдабэби-бум көрсеткішінің жаңарып отыруы – қалыптыкөрсеткіш. «Демографиялық ауысудың индустрияғадейінгі бірінші кезеңінде туу көрсеткіші де, өлімкөрсеткіші де жоғары болды. Сондықтан халық саныныңөсуі баяу жылжыды. Ал екінші кезеңде медицина дамып, антибиотиктер жасалып, вакциналар шығарыла бастағанкезде өлім-жітім күрт азайып, туу көрсеткіші сол жоғарыдеңгейде қалды. Демографиялық статистикаға сырттанкөшіп келушілер мен елден кеткендердің саны да әсеретеді. Мысалы, 1991 жылдың басында қазақстандықтарсаны 16,4 млн болды, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн адамға дейін кеміді. Бұл – кейбір этностардың тарихиОтанына оралуымен байланысты болған құбылыс. Алайда 2003 жылдан бастап, елімізде халық саны тұрақты көбейе бастады және бұл табиғи өсім есебіненболды» дейді ол.
Ал былтыр нәрестенің көптеп дүниеге келу себебінқоғам мемлекет тарапынан жасалып жатқанқамқорлықтан деп біледі. Үкіметтің ана мен баланы, көпбалалы отбасын қолдауға арналған әлеуметтіккөмектеріне көз жүгіртсек, бұл мақсатқа 2020 жылдыңқаңтар мен желтоқсан айлары аралығындареспубликалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қорынан жалпы сомасы 635,3 млрд теңгегемемлекеттік қолдау көрсетілген. Соның ішінде 430,7 мыңадам бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыныалды. Оның жалпы сомасы 52,3 млрд теңгені құрайды.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайынберілетін жәрдемақыны былтыр орта есеппен 120,9 мыңадам алған. Жалпы сомасы – 31,7 млрд теңге.
Қазақстанда «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» иеленген немесе бұрын «Батыр ана» атанған және I,IIдәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға да тағайындалған арнайы жәрдемақыбар. Былтыр мұндай көмек ақшаны 232,3 мың әйел алған. Мұндай қолдау түріне 49,1 млрд теңге жұмсалған.
Бұған қоса, төрт және одан да көп кәмелетке толмағанбаласы бар көп балалы отбасылар да назардан тыс қалғанжоқ: ай сайынғы бұл жәрдемақы республика бойынша428 290 мың отбасыға берілді, жалпы сомасы – 236,2 млрд теңге.
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған 89,5 мың адамғажалпы сомасы 49,6 млрд теңгені құрайтын әлеуметтіккөмек көрсетілді. Ал 18 жастан асқан мүгедек баланыңкүтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 14,5 мыңадам алды, оларға жалпы көлемі 8 млрд теңге төленді.
Жұмыс істейтін аналарды қорғау мақсатында 2008 жылдан бері міндетті әлеуметтік сақтандыру қорықаражаты есебінен жүктілікке және бала тууға байланысты біржолғы төлем жүйесі енгізілгені белгілі. Министрліктің мәліметі бойынша, 2020 жылы бұлақшалай көмекті 203,1 мың адам алған. Жаңадан босанған әйелдер де баласы бір жасқа толғанға дейін ай сайынжәрдемақы алады. Былтыр осы бағытта бөлінген қаржының жалпы көлемі 106,4 млрд теңгеге жетіп, әлеуметтіктөлем 501,6 мың адамға берілген.
Ел Үкіметі балалы отбасыларды қолдау шараларын оданәрі жалғастырып, биыл әлеуметтік төлемдерге бөлінгенқаражат көлемін былтырғымен салыстырғанда 120 млрд теңгеге өсіріп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылы атқарылғанжұмыстар мен алдағы жоспарлары жөнінде өткенкеңейтілген алқа отырысында айтылды.
Биыл айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрағаныбелгілі. Осыған байланысты жөргекпұл көлемі, көпбалалы отбасылар мен аналарға берілетін ай сайынғыжәрдемақы да көбейді. Айталық, әйелдерге бірінші, екінші, үшінші баланы дүниеге әкелгені үшін берілетінбіржолғы жәрдемақы – 38 АЕК немесе 110 846 теңгеболды. Төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге. Егер егіз, үшем, төртемдер дүниегекелсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жекетөленеді.
Ұлт саулығы ең бірінші ана мен бала денсаулығынатікелей байланысты екені белгілі. Сондықтан қаймемлекет те осы мәселені әлеуметтік-экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде қарастырады. Елімізде анамен баланың денсаулығын сақтау, бала туудыынталандыру, халықтың өмір сүру жасын ұзарту – еңмаңызды міндеттердің бірі. Денсаулық сақтауминистрлігінің мәліметі бойынша, қолға алынғаншаралар ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетугесептігін тигізген. 2020 жылдың қорытындысы бойыншареспубликада нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші өткенжылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеген және 2019 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 8,40 болса, 2020 жылы – 7,79. Ал Денсаулық сақтауды дамытудың2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес балалар өлім-жітімі көрсеткішініңнысаналы индикаторы 2020 жылдың қорытындысыбойынша 10,6 болуы тиіс. «Бұл салада оң динамиканыңбайқалуы көптеген факторға байланысты. Атап айтқанда, аналардың денсаулығын жақсарту бағытындағыжұмыстар, перинаталдық және неонаталдық көмектіжетілдіру, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтімоделін қалыптастыру – жақсы көрсеткіштерге әкелді», дейді Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиният.
Енді министрлік медицина қызметкерлерінің біліктілігімен кәсіби білім деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстыжалғастыру, балалар мамандарының тапшылығын шешу, оның ішінде педиатр, бала реаниматологы мен анестезиолог, пульмонолог мамандықтары бойыншакадрмен қамтуды 100%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасымен босандыруұйымдары мен балалар стационарларын заманауижабдықтармен толық жарақтандыруды қарастырмақ.
Әлбетте, егер адам өзі денсаулығына жауапкершілікпенқарамаса, мемлекет қандай шараны қолға алса да оданпайда болмайды. Біздің халық өзіне-өзі салғырт қарайды. Жыл сайын тегін өткізілетін, ауруды ерте сатыдаанықтауға болатын скринингтік тексерулерге де бара бермейді. Көбі әбден ауру меңдегенде ғана емхананыіздеп табады. Әсілінде денсаулықтың 55%-ы – адамныңөзіне, 25%-ы ата-анадан алынған генетикалық кодқа, тек 20%-ы ғана медицинаға байланысты екені дәлелденгенқағидат. Бірақ денсаулыққа немқұрайлы қарағаннан, дәрігерге уақтылы бармағаннан ауруды асқындырып алыпжатамыз. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарысанатты акушер-гинеколог Жұпар Наханова бала туужасындағы әйелдердің репродуктивтік денсаулығынжақсарту, ауруларды ерте анықтау, диспансерлік бақылаужәне оларды сауықтыру бойынша кешенді шаралар қолғаалынғанымен әйелдердің өздері денсаулығына немкеттіқарайтынын айтады. Жоғары санатты дәрігердіңайтуынша, дені сау анадан ғана дені сау бала туады. «Әйелдердің өлімі жүктілік пен жүктіліктен кейінгі жәнебосану кезіндегі аурудың асқынуларынан болып жатады. Жүктілікке дейін болған сырқаттар ағзаға түскенжүктемеге байланысты сыр беріп, асқынуы мүмкін. Оны болдырмауға болады. Ол үшін әйел жүктіліктіжоспарламас бұрын дәрігерге қаралып, арнайытағайындалған сараптамаларды тапсырып, тексеруденөтуі керек. Дер кезінде емделген сырқат жүктіліктіңасқынусыз өтуіне, өмірге дені сау бала әкелуге ықпалетеді» дейді дәрігер. Ж.Наханованың сөзінше, бүгіндеәйелдер арасында қаназдық, бүйрек аурулары жиікездеседі. Соңғы кезде туа бітті даму ақауымен туатынбалалардың жиілеуі де алаңдатып отыр. Сондықтан ерлі-зайыптылар дені сау ұрпақ сүйгісі келсе, уақтылыдәрігерге қаралып, алдын ала тексеруден өткені жөн. Ал ана құрсағына бала бітісімен, неғұрлым тез арада әйелдеркеңесіне тіркеуге тұрғаны абзал, дейді ол.
Ана мен баланың өлімін азайту жөніндегі ойыменбөліскен акушер-гинеколог перзентханалар мен балаларауруханаларын білікті кадрлармен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – кезек күттірмес мәселеекенін алға тартты. Әсіресе, алғашқы медициналық көмекберетін емханалардың жағдайын жақсартып, ондағымедицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жасауға ден қою керек. Өйткені анамен баланың ең бірінші қаралатын мекемесі – жергіліктіемханалар. Олар әу бастан дұрыс емдеп, жоғары біліктімедициналық қызмет көрсетсе, көптеген асқынулардыңалдын алуға болады.
Ұлтты құраушы халықтың саны да, сапасы да маңызды. Сондықтан мемлекет қана емес, жеке адам да ұлт пен ұрпақ алдындағы жауапкершілігін сезініп, денсаулықтынығайтуға ерекше мән бергені жөн.
Инфографиканы жасаған Амангелді ҚИЯС