Елорда • 17 Сәуір, 2026
Елордада тағы бір тарихи сәттің ақ парағы ашылғалы тұр: күллі қазақ жұрты көптен бері үздіге күткен әйгілі «Астана LRT» жобасы әне-міне мәресіне жетпек. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге жеңіл рельсті көлік депосының ғимаратына барып, Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысқан елорда әкімі Жеңіс Қасымбек ел елеңдеп күтіп отырған LRT осы көктем айында іске қосылатынын жария етті. Жүрдек көліктер былтыр қыркүйек айынан бері сынақтан өтіп жатыр. Әзірше жоба жұмысында ақау жоқ көрінеді.
Несие • 17 Сәуір, 2026
Банктерден, микроқаржы ұйымдарынан несие алу қазақтың «бас ауруына» айналғалы қашан? Ресми деректерге жүгінсек, ел азаматтарының жартысынан астамы (50,7%-ы) кредиттің «дәмін татқан». Әсіресе 22–29, 50–62 жас аралығындағы азаматтар банктерге жиі қарызданады екен.
Өнер • 10 Сәуір, 2026
Суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның суреткерлік қолтаңбасында артық бояу да, күрделі композиция да жоқ. Есесіне, бүгінгі қоғамның көрінісі мен күнделікті өміріміздің көлеңкелі тұстары еш әспеттеусіз әсерлі беріледі.
Пікір • 21 Ақпан, 2026
Кейінгі жылдары елордалықтар қысты ұмытты. Қыстың «қызметін» көктем атқарып жатқандай әсер етеді. Қар еріп, көшелер көлкіп жатыр. Желтоқсанда сел болып, қаңтар мен ақпанда көктем лебі сезілуі қалыпты құбылысқа айналды.
Экономика • 14 Ақпан, 2026
Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шекара маңындағы автожол бекеттері жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді
Былтыр мамыр айынан бастап, баспана алуға кезекке тұрған ел азаматтарының дерегі жергілікті әкімдіктерден «Отбасы банкіне» өтіп, бұл құрылым тұрғын үйдің кезегі мен есебін жасайтын, пәтерлерді бөлетін ұлттық даму институты болып қайта құрылған еді. База деректерін кезең-кезеңімен тексеріп шыққан банк біраз жайттың бетін ашқан.
Экономика • 04 Ақпан, 2026
Ұңғыманы сынау жұмыстары нәтижелі болды
Геологиялық барлау стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын кеңейту жөніндегі алға қойған міндеттері шеңберінде жүргізіледі. Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» учаскесінде жүргізілген терең барлау жұмыстары оң нәтиже көрсетті. Ұңғыманың бірінші нысанын сынақтан өткізу кезінде бұл жерден газ ағыны шықты. Бұл – еліміздің мұнай-газ саласындағы маңызды стратегиялық жетістік.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Жалдамалы тұрғын үй нарығы: баға мен болжам
Былтыр елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы ресми инфляция деңгейімен қатар өсті. Оның басты себебі жұртшылыққа берілетін ипотекалық несиенің шектелуі болды. Базалық мөлшерлеме көтеріліп, банктер бірінен кейін бірі ипотекалық бағдарламаны тоқтата бастағаннан кейін халық пәтер сатып алуды тиімсіз көріп, амалсыз жалдамалы пәтерлерді жағалай бастады. Ал сұраныстың күрт өсуі нарықтағы арендалық сегменттің бағасын шарықтатып жіберді.
Басылым • 29 Қаңтар, 2026
2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні қарсаңында бас шаһардағы Ұлттық академиялық кітапханада елордалық қос басылым – «Astana aqshamy» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдығына орай жарық көрген «Елорда шежіресі» және «В ритме столицы» кітаптарының тұсаукесері өтті.
Экспорт • 24 Қаңтар, 2026
Күнбағыс майының экспорты артты
Еліміз былтыр күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші он елдің қатарына кірді. Ендігі меже – 2028 жылға қарай алғашқы үштіктің біріне айналып, май-тоңмай саласы өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыру.