Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
129 материал табылды

Технология • 08 Тамыз, 2022

Цифрлы даму: Жаңа бетбұрыс

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі­нің хабарлауынша, ел өңірлерін, соның ішінде шалғай елді мекендерді байланыспен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Енді байланыс спутниктері арқылы олардың қамту аймағы кеңейтіліп, сапасы жақсартылмақ. Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша да әлем елдері рейтингінде 6 саты көтерілгені белгілі болды.

Қаржы • 05 Тамыз, 2022

Қаржы пирамидасы: Көп асқанға – бір тосқан

Соңғы бірер жылда қаржы пирамидасының құрығына түскен қазақстандықтардың қатары күрт артты. Оңай жолмен тезірек байығысы келген кейбір тұрғындар әй-шәйға қарамастан жинап-терген бар ақшасын күмәнді ком­паниялардың шотына салып, кейін бармағын тістеп қалып жатыр.

Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Көліктерге SOS батырмасын орнату міндетті емес

Тауарларды өндіру және қызмет көрсету саласында белгілі бір талаптар мен ережелер бар. Солардың сақталуын Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитеті қадағалайды. Күні кеше комитет бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылап, атқарған жұмыстарының есебін шығарды.

Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Мекенжай дерегін онлайн өзгертуге болады

Бұрын мекенжай мен жылжымайтын мүлік мәліметтерін өзгерту үшін тұрғындар біраз әуре-сарсаңға түсетін. Жақында «Ұлттық ақ­параттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылғанын хабарлады. Осы цифрлы жүйенің арқасында жұртшылық енді үйден шықпай-ақ мекенжай туралы деректерді өздері өзгерте алатын болды.

Экономика • 03 Тамыз, 2022

Экспорттағы есебіміз түгел

Ұлттық экономика ми­нистрлігі жақында жақсы жаңалық жариялады: 2022 жылғы мамырда Қазақ­станнан тауарлар экспорты 7,7 млрд долларды құрапты. Бір айдағы мұндай экспорт көлемі 2014 жылғы ақпан­нан бері болмаған екен. Ол кезде экспорт көлемі 7,9 млрд долларға жеткен. Осы­лайша, еліміз тауарлар­ды экспорттау жағынан осы­дан 8 жыл бұрынғы ме­же­ні бағындырып отыр.

Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Тұрғын үй бағасы тұрақтала ма?

Қазақстанның тұрғын үй нарығы бір сәт тынышталғандай күйде. Был­тыр­ғыдай аласапыран жоқ. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бүгінде жылжы­майтын мүліктің барлық сегментінде сұраныстың азайғаны байқалған. Бір айдағы сату-сатып алу мәмілелерінің жалпы саны да 30 мыңға дейін қыс­қарған. Осыған қарап, баспана бағасы төмендеуі мүмкін деген оптимистік көзқарас танытуға да болар еді. Бірақ мамандардың болжамы басқа.

Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Баспана сатып, пайда тапқандар салықтан жалтара алмайды

Қазақстанда тұрғын үйді сатқан кезде баспана бағасының 10%-ы көлемінде ұсталатын салық бар. Кезінде Үкімет бұл салық түрін енгізген кезде сарапшылар ел азаматтарының қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтқан еді. Шынымен де тұрғын үй бағасы қымбаттаған қазіргі заманда жылжымайтын мүлік салығы тұрғындарға ауыр тиіп тұр.

Қоғам • 31 Шілде, 2022

Смартфондағы мемлекеттік қызметтер көбейді

Жұртшылыққа ноутбук пен компьютерге үңілгеннен гөрі смартфондарды пайдалану ыңғайлы. Сондықтан мемлекеттік қызметтің көптеген түрін телефонның көмегімен алуға болатындай деңгейге қол жеткіздік. Әңгімеміз – EGov mobile мобильді қосымшасы жөнінде. 2019 жылы іске қосылған қосымшаны бүгінде 2,4 млн қазақстандық белсенді пайдаланады.

Қоғам • 28 Шілде, 2022

Шетелдік көлікті аларда абайлаған жөн

Соңғы кездерде шетел азаматтарының Қазақстан аумағына көлік құралдарын уақытша алып келу оқиғалары жиілеп кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары. Олар «өзіміз мінеміз» деп әкелген көліктерін қазақстандықтарға нарықтағыдан арзан бағаға сатады. Бірақ мұндай автомобильдердің көбі кеден жағынан «таза болмай» шығады екен.

Қазақстан • 27 Шілде, 2022

Жалған дәрі-дәрмектің жолын кеседі

Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау бас­талды. Үкіметтің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын дәрілік заттардың тізімі белгілі болды. Ең әуелі өндірілген дәрілік заттар міндетті түрде таңбаланады. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, міндетті таңбалау көлеңкелі бизнестің алдын алып, жалған медициналық препараттар өндірісіне тұсау салады.