Экспорт • Бүгін, 09:45
Күнбағыс майының экспорты артты
Еліміз былтыр күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші он елдің қатарына кірді. Ендігі меже – 2028 жылға қарай алғашқы үштіктің біріне айналып, май-тоңмай саласы өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыру.
Қаржы • Кеше
Қор нарығында ешкім өз бетімен сауда жасай алмайды. Сауда жасау үшін сізге қор нарығында сауда жасауға лицензиясы мен рұқсаты бар делдал, кәсіби нарық қатысушысы қажет. Осы брокер сізге шот ашып береді. Кейінгі бес жылда елімізде брокерлік шоттар бес есе көбейіп, 2026 жылдың басында оның саны 5 млн-нан асып түскен.
Экономика • 22 Қаңтар, 2026
Жылдық табыс – ұзақмерзімді стратегияның нәтижесі
ERG компаниясы биыл еліміздегі алпауыт тау-кен және металлургия кәсіпорындарын дамытуға рекордтық көлемде – 560 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы қызметкерлермен кездесулер өткізіп, жылды қорытындылаған ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов мәлімдеді.
Қаржы • 21 Қаңтар, 2026
Kaspi еліміздің 300 қаласы мен ауылына тапсырысты жеткізуді қалай ұйымдастырды?
161 млн тапсырыс, 10 000 жұмыс орны мен 126 млрд теңге төленген салық Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен тапсырыстарын алады. Жылдам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл – Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық орталықтарда және тәуелсіз курьерлік қызметтерде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер. Біз мақаламызда Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында серіктестік негізде логистикалық жеткізу желісін қалай қалыптастырғаны туралы баяндаймыз.
Өнім • 17 Қаңтар, 2026
Халық көп тұтынатын тауарлар бағасы өскен жоқ
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы деңгейінде сақталып отыр. Әрі бұл тауарлардың тізбесі қайта қаралып, қатарға жаңа өнімдер қосылды.
Энергетика • 17 Қаңтар, 2026
Энергетикалық нысандарды аралады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралады.
Саясат • 17 Қаңтар, 2026
Отандық өнімдер әлемдік нарыққа таныстырылды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Берлиндегі Grüne Woche көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты.
Саясат • 17 Қаңтар, 2026
Медициналық сақтандыру қорындағы заңсыздық
Былтыр жылдың аяғында Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметіне талдау жүргізуге тапсырма берген еді. Кеше Қаржы министрлігі талдаманың қорытындысын жария етті.
Экономика • 15 Қаңтар, 2026
Райымбек Баталов: Басты миссиямыз – кәсіпкерлердің мүддесін қорғау
Ел экономикасының күш-қуаты бизнестің әлеуетіне көп байланысты. Сондықтан мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, еліміздегі іскер азаматтарды көбейтуге, оларға мүмкіндіктер жасауға айрықша көңіл бөліп келеді. Осы орайда бизнес пен билік арасында алтын көпір болып, кәсіп иелерін қолдап, мұң-мұқтажын ескеріп, мәселелерін шешуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі орасан зор. Біз бизнес қауымдастығының бүгінге дейін атқарған ауқымды жұмыстары мен келешекте белгілеген меже, жоспарлары жөнінде ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен әңгімелескен едік.
Өндіріс • 14 Қаңтар, 2026
Цемент өнеркәсібіндегі тың серпін
Цемент өнеркәсібі ел өндірісінің дамуына ерекше серпін беріп отыр. Былтырғы 11 айдағы көрсеткіш бойынша цемент өндірісінің көлемі 13,07 млн тоннаға жетіп, бұл саланың бүкіл даму тарихындағы ең жоғары өсім ретінде тіркелді.