Экономика • Бүгін, 08:35

Ұңғыманы сынау жұмыстары нәтижелі болды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Геологиялық барлау стратегия­сын іске асыру Мемлекет бас­шысының елдің ресурстық базасын кеңейту жөніндегі алға қойған міндеттері шеңберінде жүргізіледі. Атырау облысында­ғы «Қаратон Подсолевой» учаске­сін­де жүргізіл­ген терең барлау жұмыстары оң нәтиже көр­сетті. Ұңғыма­ның бірінші нысанын сынақтан өткізу кезінде бұл жерден газ ағыны шықты. Бұл – еліміздің мұнай-газ саласын­дағы маңызды стратегиялық жетістік.

Ұңғыманы сынау жұмыстары нәтижелі болды

Аталған ұңғыманы бұрғылау 2024 жылдың қарашасында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында 5750 метр тереңдікте аяқталды. Мұндай терең геоло­гиялық барлау жұмыстары технологиялық жағынан күрделі саналады. Әсіресе тым жоғары қабат қысымы мен күкіртті сутектің болуы сақтық шараларын күшей­тіп, қауіпсіз­дік талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді. Алайда арнайы технологиялық шешімдердің арқасында мамандар бұл белесті де бағындырып, мемлекеттің дамуы үшін маңызды нәтижеге қол жеткізді. 

«Қаратон Подсолевой» — «Қаз­­Мұнай­­­Газ­­­дың» стратегиялық бар­лау жоба­лары­­ның бірі. Ол еліміздің ресурс­тық қо­рын то­­­лық­тыру үшін қолға алынған әрі жер ас­тында терең орна­ласқан күрде­лі қазба­ны зерттеуге бағытталған. Ұңғы­ма­ның алғашқы ны­санындағы сынақ нәтижелері бұл жер­де көмірсутек қоры бар екенін растап отыр.

кам

Геологиялық барлау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен маңызды жоба жақсартылған модельдік келісімшарт аясында жүзеге асырылып келеді. Бұл ел Үкіметінің жер қойнауын пайдалану саласындағы қолға алған басты реформалардың бірі.  Ол еліміздің күрделі кен орындарына деген инвестициялық тартымдылықты едəуір арттырады. Бұл тетік жер қой­науы­ның күрделі учаскелерін барлау мен терең игеруге жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші əрі фискалды преференцияларды ұсынады.

Ұңғыманы зерттеу жұмыстары осымен тоқтап қалмайды. Жұмыс жоспарына сəйкес алдағы уақытта тағы болашағы зор төрт мұнайлы-газды нысанда сынақ жүргізу көзделген.

Соңғы жаңалықтар