Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
156 материал табылды

Қазақстан • 25 Шілде, 2022

«Зерде» холдингі неге таратылады?

Елдегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында осыдан 15 жылдай бұрын құрылған «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басынан соңғы жылдары «бұлт арылған» жоқ. Бүгінге дейін еш жерде аты шықпай, елеусіз жұмыс істеп келген мемлекеттік компания Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексерісінен кейін бірден ақпарат құралдарының назарына ілікті. Бұл мәселе Президентке дейін жетіп, ақыр соңында холдинг жабылатыны белгілі болды.

Қоғам • 24 Шілде, 2022

Сергіткіш сусындар: сергіте ме, есірте ме?

Былтыр мектеп жасындағы балалар арасында семіздікке шалдығу факторлары бойынша арнайы зерттеу жүргізген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жеткіншектердің 25 пайызы үйде тамақтанбайтынын, ал 16,7 пайызы газдалған тәтті сусындарды күнделікті тұтынатынын мәлімдеген. Ересектердің ішінде де қуат беретін сусынға құмартқандар көп. Жалпы, қазақстандықтар күніне шамамен 30 мың литр энергетикалық сусын ішеді екен.

Экономика • 19 Шілде, 2022

LRT: Тіректер енді «тіріле» ме?

Қазақты қарызға батырып кеткен «Астана LRT» же­лісі ара-тұра көтерілетін, бірақ түбі көрінбейтін жо­баға айналғалы қашан?! Елор­даның дамуына қатысты жиын бола қалса, журналис­тер міндетті түрде осы жоба­ны еске салмай қоймайды. Қа­ла басшылығы да «түбі бір ше­шім қабылдаймыз» деп жауап беруден жалықпайды.

Қазақстан • 19 Шілде, 2022

Цифрландыру ел дамуына серпін береді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елімізде цифрландыру жүйесі баяу жүріп жатқанын сынға алған еді. Президенттің тапсырмасына байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы жоспарлары мен қандай жұмыстар қолға алынып жатқаны жөнінде мәлімдеді.

Қоғам • 17 Шілде, 2022

Байланыс сапасына шағым көп

Соңғы жылдары байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскен екен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 562 тексеру жүргізген. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылы – 51 тексеру, 2019 жылы – 93 тексеру. Соның нәтижесі арыз-шағымның ұлғайғанын көрсеткен.

Қазақстан • 17 Шілде, 2022

Цифрлы белгісі жоқ темекіге айыппұл салынады

Бұдан былай цифрлы таңбалау коды жоқ темекі өнімдеріне айыппұл салынатын болды. Тіпті шылым өнімдері таңбаланбаса, тауарлар тәркіленіп, лицензиясынан айырылады.

Қазақстан • 14 Шілде, 2022

КАСКО: Көлігіңіз көлденең қауіптен сақтандырылған ба?

Қазіргі таңда автокөлікті сақтандырудың екі жолы бар: оның бірі – міндетті сақтандыру болса, екіншісі – ерікті сақтандыру, яғни КАСКО (көлікті барлық жағдайдан кешенді сақтандыру деген сөз). Көлігі бар көпшілік ерікті сақтандыру болғандықтан екіншісін көп елей қоймайды. Бұл сақтандыруды көбі қажет деп таппайды, оған бола қаржы да шығындағысы келмейді. Алайда діттеген жеріңізге жылдам жеткізетін көлігіңізді оттан, судан, табиғи апаттан, ұрлықтан, жол-көлік оқиғасынан сақтау – маңызды іс.

Қоғам • 13 Шілде, 2022

Отбасы туралы деректі өзгерту оңай

Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында отбасы туралы мәліметтерді өзгерте алады. Бұл жаңа қызмет түрі туу, некеге тұру және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту және қайтыс болу туралы деректерді ауыстыруға мүмкіндік береді.

Экономика • 12 Шілде, 2022

Тауарды шетке сатуға шектеу қою – қауіпсіздік кепілі

Кейбір тауарларды елден әкетуге белгілі бір шектеулер бар. Бұл экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолға алынған. Жақында осы мәселеге қатысты Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары арнайы жиын өткізіп, түсіндірме берді.

Елорда • 06 Шілде, 2022

Бағдарың қалай, бас қала?

Қас-қағым сәтте бір қадасын қағып үлгеретін бас шаһардың бүгінгісі ертеңіне ұқсамайды. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері Сарыарқа төсіне көшірілген сәттен бастап, Қазақ елінің тағдырын айқындайтын, келешегін жарқын ететін елдік маңызды мәселелер елордада қабылдана бастады. Қаланың тұрғындары бастапқы сәтте небәрі 200 мыңдай болған еді.