Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2021
Маңғыстаудағы маңызды өзгерістер
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Маңғыстау облысы бірталай оң көрсеткішке қол жеткізді. Осы уақыттың ішінде өңірге 7 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Егер 1991 жылы өңір экономикасына 1,3 млн теңге инвестиция құйылса, оның көлемі бүгінде 582,3 млрд теңгеге дейін өсті.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2021
Кәсіпті нәсіп еткендер – елге құт
Тәуелсіздік алғалы ел саясатының басым бағытының бірі бизнесті қолдау болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан – ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып кәсіпкерлерге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ел. Елбасы 1992 жылдың 5 мамырында Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады, шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңға қол қойылды. Осылайша, Тұңғыш Президенттің бастамасымен орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, қолайлы жағдай жасала бастады.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2021
Кардинг – банк картасының деректері арқылы шоттарға шабуылдайтын интернет-алаяқтықтың бір түрі. Қазір жұрттың бәрі дерлік қолма-қол ақшадан гөрі төлем картасымен сауда жасағанды тәуір көреді. Соған сәйкес кардинг шабуылдары да көбейіп тұр. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, елімізде биылғы қаңтар-қыркүйек айларында интернет-алаяқтықтың 16,6 мыңнан астам дерегі тіркелген, бұл құқық бұзушылықтың жалпы санының 52%-ын құрайды.
Сұхбат • 26 Қараша, 2021
Ербол Өстеміров: Бизнесті қорғау «таза парақтан» басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгертіп, соның аясында бизнесті «таза парақтан» реттеуді тапсырды. Қазір осыған байланысты заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжатты кәсіпкерлер де күтіп жүргені анық. Өйткені заң ең бірінші солардың құқын қорғауға тиіс. Осы жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровке бірнеше сауал қойған едік.
Қаржы • 24 Қараша, 2021
Салық – елді өркендетудің маңызды бөлшегі. Салық түсімдерінің есебінен мемлекет қазынасы толығып, бюджет жоспарланады. Бұл саланың да өз даму тарихы бар. Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасқанына да биыл 30 жыл толып отыр. Оның негізі 1991 жылдың соңында қабылданған 16 жалпы мемлекеттік, 10 міндетті және 17 жергілікті салықты көздейтін заңдармен қаланды.
Қоғам • 24 Қараша, 2021
Үйді оңай алудың онлайн тәсілі
Блокчейн технологиясы жылжымайтын мүлік саласына да келіп жетті. Соның арқасында қазақстандықтар ешқайда шықпай-ақ, онлайн режімде үй сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Қазақстан • 23 Қараша, 2021
Құрылыс материалдары арзандар емес
Құрылыс материалдары тоқтаусыз қымбаттап бара жатқаны талай айтылып жатыр. Елімізде олардың құны 28%-ға шарықтаған. Тиісті министрліктер, ведомство өкілдері қымбатшылықты тежеу шараларын жасап жатырмыз дегенімен, бір көтерілген бағаның түсетін түрі көрінбейді.
Экономика • 22 Қараша, 2021
Импорт: Қай өндіріске көбірек тәуелдіміз?
Экспорт ақша әкелсе, импорт шығын әкеледі. Көптеген елдің импорт пен экспорт көлемін теңестіруге тырысатыны да сондықтан. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі барлық қажетті тауар мен қызмет көрсету түрлері бір ғана мемлекеттен табылуы екіталай. Осылайша, дүние жүзіндегі елдер өзінде жоқ затты өзгеден алуға мәжбүр. Қазақстан да импортқа тәуелді. Бұрын бізде импорт өсімі аралық тауарлар мен өндіріс құралдарының есебінен болса, қазір халық тұтынатын тауарларды сырттан әкелу басым түскен.
Қазақстан • 15 Қараша, 2021
Біздің теңге – дизайны жағынан әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі. Айталық, әртүрлі мемлекеттің ақшаларына талдау жасаған британиялық The Telegraph газеті ең үздік 15 ұлттық валютаны іріктеген еді. Соның ішінде қазақтың теңгесі де бар. Халықаралық банкноталар бірлестігі де (IBNS) қазақстандық банкнотты «дизайн жағынан жылдың үздік валютасы» деп мойындаған.
Қазақстан • 14 Қараша, 2021
Біз болашаққа инвестиция салуды тек теңге немесе доллармен ғана елестетеміз. Ал бағалы металдарды сатып алып, оны депозит ретінде сақтауға үйренісе алмай келеміз. Шынтуайтында, алтын – нағыз құнын жоғалтпайтын инвестиция құралы.