Қазақстан • 28 Сәуір, 2022

Бизнеске ақылы автотұрақ та кедергі

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың бизнес орталығын жалға алған кәсіпкерлер бас шаһарда ақылы автотұрақ көбейгенін, бұл құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып қана қоймай, бірқатар шағын және орта бизнес субъектілерінің жабылуына қауіп төндіріп отырғанын жеткізді.

Бизнеске ақылы автотұрақ та кедергі

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен отырыс­та бизнесті дамытуға кедергі болып отырған бірқатар мә­селелер талқыланды. Со­ның бірі ретінде орта және шағын кәсіп иелері ақылы автотұрақтар жайын көтер­ді. «Бұрын елордада ақылы автотұрақ көп емес еді. Ал қазір оның саны 24-тен 536-ға дейін өсті. Осылайша, қазір бас қалада барлығы 10 мыңға жуық тұрақ орны бар. Олардың қатарына жол бойында тұрған тұрақтар ғана емес, ғимарат иелері жалға алған автотұрақтар да кіреді. Қалалық әкімдік оны жекеменшікке сатып алу­ға мүмкіндік бермей отыр, өйткені автотұрақ орналасқан жерасты жолдарында әртүр­лі инженерлік желілер өте­ді. Енді осы тұрақтар түгел пульға алынды, демек, ақы­лы болды. Осы мәселені шешуге қатысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныс-пікірімізді жол­дадық», дейді жиында сөз сөйлеген Қазақстанның бас­қарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы Қайрат Көкенов.

Кәсіпкер «Санкт-Петербург» бизнес-орталы­ғын мысалға келтірді. Ғима­рат­тың айналасы түгел жалға берілген. Алайда жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімдік оны ұзартудан бас тартқан, себебі қазірден басқаруға беріліп қойған. «Бізге белгілі болғандай, ал­дағы уақытта әкімдік бұл жерді Нұр-Сұлтан қала­сының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамы­ту басқармасына, яғни өз басқармасына, ал ол МЖӘ-нің басқаруына берді. Осы­лайша, Нұр-Сұлтан на­рығында монополист құ­ры­луда, олар жол бойын­да­ғы иесіз тұрақтарды ғана емес, ғимараттар мен құры­лыс­тардың жанындағы бар­лық тұрақ орнын басқаруға алмақ», дейді Қ.Көкенов.

Кәсіпкерлер жұртшылық кіріп-шығатын ғимараттың төңірегі бәрі ақылы болса, бұл клиенттердің келуін азайтатынын жеткізді. Ал клиенттер қызығушылық танытпағаннан кейін бизнес те дұрыс жүрмейді деген сөз. Сондықтан бизнес өкілдері бұл жайтты ег­жей-тегжейлі зерделеп, кәсіп­керлікке қолбайлау болып отырған мәселе ретінде рес­пуб­ликалық кедергілер картасына енгізуді ұсынды.