• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2021

Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты

198 рет
көрсетілді

«Біз күн сайын сәт сайын қиын шешімдер қабылдаймыз, әр минут сайын адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік жүгін сезінеміз», дейді Жандарбек Бекшин. санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерін Жандарбек Бекшин бүгінгі алғыс айту күнімен құттықтай келе, қазіргі жағдайда санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтардың жұмысы ауыр екендігін атап өтіп, пандемия кезінде атқарған істері үшін әрбір маманға алғысын білдірді.

- Бір жыл бұрын санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтар жаңа жағдаймен бетпе бет келді. Пандемия бүкіл әлемге адам өмірі мен денсаулығынан құнды ештеңе жоқ екенін айқын көрсетті. Сонымен қатар, жауапкершілік, өзіңіз туралы ұмытып, басқа біреуді құтқару үшін барлық күш-жігеріңізді бере білу, бұл қасиеттер әрқайсыңызға тән. Еңбекқорлық танытып, біздің ортақ ісімізге жан салуға дайын болғандарыңыз үшін рахмет. Бұл күні біз өз жетістіктерімізді, үлкен жеңістерімізді, күнделікті табыстарымызды, өз әріптестерімізді де мақтан етуге құқылымыз, - дейді Ж.Бекшин.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин құттықтау сөзінде әріптестеріне алғыс айтып қана қоймай, Алматы қаласының барлық тұрғындарына өз денсаулығын күтіп, бақытты болуды тіледі.