• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2021

Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды

435 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты.

 - Орын алған қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын! Алла берерін тоқтатпасын!, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Қорлардың бастамасымен халықтан жиналған қаржыға өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына Арай мөлтек ауданынан 6 бөлмелі жаңа жер үй берілді. Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.

Еске салайық, 2021 жылдың 18 ақпанында Әл-Фараби мөлтек ауданы 13 көшесі, 11-ші үйде өрт оқиғасы орын алды. Аталған мекен-жайға шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника 16 қызметкер жұмылдырып, толық өшірілді.

Өрт салдарынан 2020 жылы туылған Төреханқызы Ардақ есімді нәресте қайтыс болды.

Сонымен қатар, анасы 1993 жылы туылған Тоқбергенова Дамира 1- ші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және 2 алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы қалыпты деңгейде.

Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық – түлік, мектеп құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.