• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2021

Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды

270 рет
көрсетілді

22 ақпан – 05 наурыз аралығында Египеттегі Каир қаласында Стенд атудан Әлем кубогі өтуде. Онда жерлестеріміз де бақ сынап жатыр.

«Скит» жаттығуында қазақстандық спортшы қыздарымыз командалық есепте Шымкент қаласының спортшылары Панарина Ольга мен Насырова Рината және алматылық ару Орынбай Әсем 476 ұпаймен байрақты бесекеде Үндістан командасынан 14 ұпайға озып шығып, нәтижесінде қола медальді жеңіп алды.

Стенд ату спортынан түрлі халықаралық жарыстарда Шымкент қаласы спортшыларының өзіндік орны бар. Бұл жаттықтырушылардың мақсатты әрі сапалы жұмысының нәтижесі екенін көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.