• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2021

Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді

281 рет
көрсетілді

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыда жазылғандай, мешіттерде намаз (оның ішінде жұма намазын) келушілерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы сыйымдылығының 30%-на дейін толтырумен оқуға рұқсат берілді.

1-5 сыныптар және 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде аралас оқиды. Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқыту форматында жүзеге асырылады. «Сондай-ақ толтырылуын 30%-дан асырмай, жалпы саны 50 адамға еске алу рәсімдерін (ас беру) өткізуге, бір отбасы мүшелерін қоспағанда көрермендерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы адам санын 20%-дан асырмай спорттық іс-шараларды өткізуге болады.

Балалардың ойын алаңдарын, аттракциондардың толтырылуын 30%-дан асырмай, жалпы саны 50 баланы кіргізіп жұмыс істеуге рұқсат етілді» делінген құжатта. Енді циркке де баруға болады. Қойылар талап – келушілерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы адам санын 30%-дан артық толтырмау.

«Жалпы адам санын 30%-дан асырмай бильярд клубтары жұмыс істей бастайды. Жеке немесе 15 адамнан аспайтын топтар үшін маскалық режимді және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат берілді. Ұлттық құрама, клубтық командалар және облыстық командаларды дайындау үшін бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге болады. Бірақ кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі мекемелерге және балалар сауықтыру лагерьлерінің қызметіне тыйым салынған», делінген қаулыда.