• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

Мұнайы мол Маңғыстау

434 рет
көрсетілді

Биыл Маңғыстауда Өзен және Жетібай кен орындарында мұнай бұрқағының атқылағанына 60 жыл толмақ. Мереке қарсаңында мұнайы мол дала тағы бір жағымды жаңалықты халық игілігіне ұсынды. Ол – Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тәңке учаскесінен ТЗ-1 бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағының атқылауы. Алынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ.

Қуанышты хабарды жеткізген «Меридиан Петролеум» ком­пания­сының президенті Б.Қуан­ды­қовтың айтуынша, Тәңке­дегі кен­орын  –  еліміз тәуел­­сіздігін алғалы 30 жылда Маң­­ғыстау облысында ашылған алғаш­қы ең ірі кен орны болмақ.

– 2018 жылы басталған гео­ло­гиялық барлау жұмысы нәтижесін берді. Алынған мұ­найдың қысы­мы, дебиті, газ­дық факторы және басқа да пара­метрлері бойын­ша ірі кен орны болады деп жос­парлап отыр­мыз. Қазір кен орнын­дағы мұнай қорын анықтау жұ­мыс­- тары жүріп жатыр. Жаңа кен орнының айналасында «Қа­ра­құдық», «Арыстан» және «Ком­­сомольское» кен орындары ор­наласқан, – деді «Меридиан Петро­леум» компаниясының прези­денті Б.Қуандықов. 

 Жаңа кен орнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы барлық кен орнын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтің есімі берілді.

Жұртшылық жаңа мұнай кен орнының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кең серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады деген сенімде.