• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Наурыз, 2021

Елге алғыстарын жеткізді

322 рет
көрсетілді

Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ел басы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қаты­су­шы­ларды мерекемен құттықтаған Елбасы кі­тап­ханасының директоры Ба­қытжан Темірболат ішкі саясат стратегиясының негізгі бағы­тына ай­налған қоғамдағы тұрақ­ты­лықтың сақ­талуына Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назар­баевтың қосқан үлесін айтып өтті.

– «Қазақты қасиетті қара шаңы­раққа баласақ, еліміздегі барша этнос – сол шаңыраққа шаншылған уықтар», дейді Елбасы. Қазақстан халқы қонақжайлық пен дарқан мінездің, бірлік пен берекенің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Сондықтан да ҚХА-ның 2016 жылғы сессия­сында Н.Назарбаев Алғыс айту күнін енгізуді ұсынып, бұл күннің «барлық қазақстандықтың бір-біріне деген мейірімі мен дос­тығының, сүйіспеншілігінің жар­қын мерекесі» болатынын алға тартқан еді, – деді Б.Темір­болат.

Қазақстандықтарды мерекемен құт­тықтаған Ингуше­тияның бірінші пре­зи­денті, мемлекет және қоғам қай­раткері Руслан Аушев іс-шараға қа­тысушыларға жылы лебізін білдірді. 

– Осыдан 77 жыл бұрын ста­лин­дік қуғын-сүргін салдарынан чешендер мен ингуштар туған жерлерінен Қазақстан мен Орта­лық Азияға мәжбүрлі түрде көші­рілді. Осы бір қиын-қыстау кезеңде қазақтар өздері ілініп-салынып әрең жүрсе де біздің халқымызға тірек болып, ондаған мың чешен-ингуш отбасын құтқарды», деді ол.

Іс-шара барысында Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Дүниежүзілік чешендер кон­гресінің вице-президенті Ахмед Мурадов, АЛЖИР тұтқын­дарының неме­релері, кинорежиссер – Дарья Виолина мен Наталья Григорьева, сондай-ақ Польшаның Гданьск қаласындағы Екінші дү­ниежүзілік соғыс музейінің бас маманы Дмитрий Панто сөз сөйледі.

Іс-шараға отандық және шетел­дік ғалымдар, ұлтаралық қаты­настар сала­сын­дағы зерттеу­шілер, сарапшылар, эт­но­мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.