• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Наурыз, 2021

Үнемді өндіріске – үлкен қадам

645 рет
көрсетілді

Үнемді өндіріс тақырыбы бүгінде өте өзекті саналады. Биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өзінің еншілес кәсіпорындары жұмы­сының бағытын анықтағанда, шығарындыларды азайтуға және үнемді өндіріс идеяларын алға жылжыту үшін энергиялық тиімді шараларды енгізуге ерекше назар аударды.

Павлодар мұнай-химия зауыты үнемді өндіріс қағидаттарын кәсіпорынға енгізу бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүр­гізіп келеді. Зауытта осы қағидат­тар­ды жүзеге асыратын төрт не­гізгі бағыт анықталды. Оны үш тақырыптық блокқа біріктіруге болады: «Ысыраптар мен жағу­ларды төмендету», Lean Six Sigma, «Қоршаған ортаны қор­ғау». Әрбір тақырыптық блоктың ішін­де әр бағыт бойынша ПМХЗ жұмы­сын жақсартуға арналған жобалар мен бағдарламалар бар.

Мысалы, «Ысыраптар мен жағуларды төмендету» блогы шеңберінде №1 мұнайды бас­тапқы өңдеу өндірісінің және №3 мұнайды терең өңдеу өндірісінің пештерін тексеру жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар оларды жобалық мәнге жеткізу мақ­сатында орындалады, соны­мен қатар битум шығару қондыр­ғысының пештерін ауыстыру бо­йынша жұмыстар да басталды.

Кәсіпорында жеке блок ре­тінде Lean Six Sigma – «Үнемді өндіріс» бағдарламасы қызмет етеді. Әдіс және бағдарлама ретінде бұл 2016 жылы ПМХЗ-да енгізілді және осы күнге де­йін қолданылады. 2021 жылы Lean Six Sigma 15 жобаны қа­былдады, қазір іске асыру ба­ры­сында. Бұлар зауыттың бар­лық өндірісінде шығындарды, соның ішінде электр энергиясы­ның, будың, судың, өндірістік пештердің отынды тұтынуын, сіл­тінің шығындарын оңтай­лан­дыруға қатысты. Сонымен қа­тар оңтайландыру жұмыстары тех­нологиялық қондырғылар жұмы­сының тәртібін ұйымдастыруға, зертханалық бақылау кестелеріне және зертханалық талдау жүргізу шығындарына да қолданылады.

«Қоршаған ортаны қорғау» блогы белсенді дамып келеді. Зауытта «Жер. Су. Ауа» деп аталатын бағдарлама қолданысқа енгізілді. Соның нәтижесінде суыт­қыш мұнараларды күрделі жөн­деуден өткізу, тазартылған ағындар су құбырларын Сарымсақ жинақтауышына дейін салу, екі жаңа қабылдау сұйыққоймасын салу, сұйыққоймалардағы ты­ғыз­дағыш жапқыштарды ауыс­тыру, ашық мұнай өнімдерін ав­томаттандырылған тактілік құю қон­дырғысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Үнемді өндіріс жылына жос­парланған іс-шаралардың бар­лығы зауыт шығындарын, отын-энергетикалық ресурстарын, тех­нологиялық үдерістің әр ке­зең­дерінде шикізат шығынын азай­туға, су ресурстарын тиімді пай­­далануға, қоршаған ортаға шы­­ғарындыларды азайтуға және тұ­тастай бүкіл кәсіпорын жұ­мы­сы­ның тиімділігін арттыруға мүм­кіндік береді.