• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Наурыз, 2021

Қос қола – қоржында

254 рет
көрсетілді

Болгарияның астанасы Софияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар екі қола жүлде жеңіп алды.

Алғашқы қола жүлдені ел қоржынына жуырда ғана Қазақстан кубогында топ жарған Мария Гречаная салды. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде сынға түскен жер­лесіміз екі бағдарлама қорытындысы бо­йынша 144,08 ұпай жинап, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.

Екінші қола жүлдені Қазақстан ку­богының тағы бір жеңімпазы 16 жастағы алматылық Михаил Шайдаров жеңіп алды. Әйгілі Олимпиада чемпионы Алексей Ур­­мановтың қоластында жаттығатын Шай­­­даров екі бағдарлама қорытындысы бойын­ша 191,65 ұпай жинады. Бұл сында бол­гариялық Ларри Лоуполовер жарыс жеңімпазы атанса, Дэвид Леутенбрайн екінші орыннан көрінді.