• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Наурыз, 2021

Таңдауы Сондерске түсті

77 рет
көрсетілді

Дүние жүзінің бокс жанкүйерлері қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес ара­сындағы трилогияны күтіп жүр­ген­де, «Канело» келесі жекпе-жегін өт­кізу үшін отандасымыздың орнына екін­ші орта салмақтағы WBO чемпионы бри­таниялық Билли Джо Сондерсті таңдады.

Бұл туралы Matchroom Boxing про­моутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн «Канело» мен түркиялық Авни Йыл­дырым арасында өткен жекпе-жектен кейін мәлімдеді. Үш тұжырым бо­йын­ша өтетін титулды айқас 8 мамырға жоспарланған. Бірақ бокс кешінің қай елде өтетіні айтылмады. Өткен жексенбі күні «Канело» түркиялық Авни Йылдырыммен жекпе-жекте өзіне тиесілі чемпиондық белбеулерді сәтті қорғады. Мексикалық бокс­шының соққыларына шыдамаған Йыл­дырым төртінші раундқа шығудан бас тартты.