• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ

747 рет
көрсетілді

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осындай алғыс алған жандардың бірі - Шлекенов Мухамедьяр. Мекеме қызметкерлері ардагердің үйіне арнайы барып 1 наурыз «Алғыс айту күнімен» құттықтады, естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, ардагермен әңгіме-сұхбат құрып, оның еңбек еткен жылдарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті, өздерінің дағдысын шыңдау үшін озық тәжірибелерінен ілім алды.

Ардагер атамыз алғыс айту күнінінң тарихынан сыр шертіп, кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшақ жайып, бауырына тартқаны, бір үзім нанын бөліскені туралы қызметкерлерге баяндап берді. Аталмыш мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту екенін атап өтті.

Әңгімеден соң қызметкерлер ардагермен бірге естелік суретке түсіп, өмір жасының ұзақ болуын, бүгінгі мерекемен шектелмей, алдағы мереке күндері де міндетті түрде осы шаңыраққа ат басын бұрып келіп тұратынын, сондай-ақ қызмет барысында қиындықтар туындаған кездерде ақыл-кеңестер алуға келетітін айтып, жылы лебіздерін білдірді.