• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі

146 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласы мен аудандарындағы бұрынғы коммуналдық меншіктің иесіз қалған  газ, су  тасымалдаушы және  таратушы желілері  табиғи монополиялар субьектілерінің қарамағына сенімгерлік басқару бойынша беріледі деп хабарлайды Egemen.kz.

Иесіз инженерлік  нысандар мен жабдықтарды табиғи монополиялар субъектілеріне сенімгерлік басқаруға берудің жол картасына сәйкес облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы қараусыз құбырлар мен құдықтардың, электр жабдықтарының тізімін жасауды бастады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ең алдымен  Ақтөбе қаласының төңірегіндегі 338 бау-бақша ұжымының коммуналдық желілерін  түгендеуді жеделдетуді тапсырды.

Қазіргі уақытта облыстағы коммуналдық желілердің ұзындығы 10 690,4 шақырымды құраса, табиғи монополиялар нысандарының меншігінде 2 182,5 км газ, 3 505,3 км сумен жабдықтау желілері, 3 883,6 км электр желісі бар.  Қазіргі уақытта меншік құқығы анықталмаған инженерлік желілердің ішінде  табиғи монополиялар субъектілеріне берілетіні 5 220,4 шақырым болса, осы күнге дейін ешбір меншікке берілмей иесіз жатқан инженерлік желілердің ұзындығы 135,2 шақырым, соның ішінде жылу желісі 7,5 шақырым, электр желісі 127,7 шақырым және трансформаторлы қосалқы станса 22 бірлікті құрайды.

Ақтөбе қаласында иесіз қалған желілердің басым бөлігі  бау-бақша ұжымдарына тиесілі болып отыр. Ешбір санатқа енгізілмегендіктен құбырлардың қазіргі жағдайы, оларды кімдердің пайдаланып жатқаны туралы толық ақпарат алу мүмкін емес.  Қалалық әкімдік қызметкерлері  «Батыс –1»  және «Батыс –2» ықшам аудандарындағы 64,1 шақырым газ, 45,6 шақырым су, 50,3 шақырым су тарту, 53,6 шақырым электр желілерін тексеріп шықты. Көктем шыға  бау-бақша ұжымдарындағы құбырлар мен желілерді түгендеу жұмыстары қайта басталып, жазға дейін аяқталуы тиіс.