3 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе қаласында ертең күндіз жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15 м/с жетеді.
3 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында ертең түнде тұман түсуі мүмкін.
3 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда ертең күндіз жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
3 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түседі.
3 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында ертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
3 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
3 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең күндіз боран соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.