• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқитын оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

68 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус жұқтыру дерегі жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордада 1 наурыздағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында 1103 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% көрсеткен», деді С. Бейсенова.