Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сәйкес, бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр. Ал басқа өңірлердің барлығы «жасыл аймақта» тұр.