• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2021

Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр

146 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының бір тұрғыны полицияға кіреберісте тұрған үш дөңгелекті балалар велосипедінің жоғалғаны туралы арыз түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz

Келтірілген шығын 25 мың теңге екен. Полиция қызметкерлеріне ұрлықты «ізін суытпай» ашуға бейнебақылау камералары септігін тигізді. Кіреберіске орнатылған «бұлтты» камера ұрлықтың жасалу сәтін, ал сапаржайдағы камералардың бірі ұрланған велосипедті сату сәтін тіркеген.

Қызылжар ауданына бет алған ер адам «тауардың» қайдан келгенін сұрамастан, белгісіз адамнан оны 500 теңгеге сатып алған. Қылмысты жасаған, ішімдікке салынып кеткен, 51 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған мүлік алынды және тергеу әрекеттері аяқталған соң заңды иесіне қайтарылады.