• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Наурыз, 2021

Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

143 рет
көрсетілді

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған «Мазда» маркалы автомобиль өртенді. Бұл туралы Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Аталған департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.