• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2021

Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді

223 рет
көрсетілді

СҚО полицейлері ақпанның 26-сы мен наурыздың 1-і аралығындағы төрт күнде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 400 тұрмысы қолайсыз отбасыларын тексерді.

Бұлардың көбі араққа салынып кеткендер. Жалпы қала бойынша 2429 маскүнем, 507 нашақор және 410 тұрмысы қолайсыз саналатын отбасылар тіркелген. Тексеріс барысында 651 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның жартысы дерлік алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде қоғамдық орындарда жүру.

Бұлар жұмыс істемейтіндіктен қылмысқа жақын тұратындар. Соның бірі – бес айлық қызы бар жас әйел. Араққа салынғандықтан күйеуі оны тастап, қызын ауылға кетіп қалған. Әйелде үй-күй жоқ, пәтер жалдауға да жағдайы келмейді. Алдында полиция қызметкерлері Айнұр Беркімбаева және Зарина Елубаева оны «Аналарүйіне» орналастырған. Бұл жерде әйел екі апта тұрған, кейін жұмысқа орналасып, отбасымен қауышқан. Алайда ұзамай әйел тағы да ащы судың соңына түскен. Баланың әкесі сәбиді қайтадан ауылға алып кеткен екен. Қазіргі уақытта бұл жұп полицияның бақылауында. Қоғамның бір мүшесі болғандықтан осындайлардың тағдыры да  ұмытылмайды.