• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Ғылым 04 Наурыз, 2021

Ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік беретін заң қабылданды

296 рет
көрсетілді

Сенаторлар бүгін ауқымды ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік беретін заң қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта бұл ретте ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударылып отыр. Ғылымды қаржыландыру процестерінің ашықтығы жөніндегі талаптардың есебінен саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту да маңызды мәселе.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда осы және басқа да бірқатар жаңалықтар бар. Құжаттың бастамашылары да депутаттардың өздері.

«Қабылданған заң ғылым саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың және барлық ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұлттық ғылыми кеңестер мен Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзіреттері нақтыланады. Ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды әлеуметтік қолдау мен көтермелеу де көзделіп отыр. Осы мақсатпен жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қарастырылған. Жалпы, бұл заң елімізде ғылым саласын дамытуға өзінің үлесін қосады деп сенеміз», - деп атап өтті Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.