Оралда белгісіз жасөспірім Деркөл ауылы маңындағы көпірден секіріп кетті. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр. Бұл ақпаратты өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін таңғы сағат 7:00-де Деркөл ауылы маңындағы көпір астынан жас баланың денесі табылды. Азаматтың жасы шамамен 17-де», деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Полиция өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалы басталғанын айтады.