Түркияда «Кугар» атты әскери тікұшақ апатынан қаза тапқан адам саны 11-ге жетті. Тағы екі адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, әуе көлігі Бингел қаласынан Татванға қарай бет алған. Тікұшақпен байланыс үзілгеннен кейін құтқару іздестіру жұмыстарына ұшақ, тікұшақ пен ұшқышсыз аппарат тартылды. Әуе апатына әзірге не себеп болғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды.