• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2021

Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады

149 рет
көрсетілді

Жаяу жүргіншілердің соқпағына (тротуарға) көліктерін көлденең қойып кетіп, өзінен басқа ешкімді сыйламай жүретін жүргізушілер Петропавлда да көп. Бала сүйреткен әйел, таяққа сүйенген қарт адамдар сондайлардың қысастығынан тар жерлермен қысылып-қымтырылып өтуге мәжбүр. Енді сондайларға бір тиым ойлап табылды.

Петропавлдың жол тәртібін бақылайтын патрульдері барлық жаяу жүргіншілерге осындай жағдайды көрсе дереу фотоға түсіріп, 102 нөміріне салып жіберуді өтінуде. Қолына фото мен шағым дабылы түскен полиция тәртіп бұзушыны бірден ұстап, тиісті жазаға тартады. Ал мұның жаяу жүргіншіге еш қиындығы жоқ, ешкіммен машинаңда неге белгіленбеген жерге қоясың деп ұрсып – таласпайды. Тек фотосын жібере салса болғаны. Қазір жұрттың бәрінің қалтасында қалтафон бар, түсіріп ал да мекенжайды көрсетіп 102-ге қоя берсе болғаны. Бұл тәртіп бұзушыларды құрықтаудың ең оңай жолы.  «Мұның мүмкіндігі аса жоғары. «102» қосымшасы байланыстың бірізділігі болып табылады, ол кез-келген ыңғайлы форматта полицияға жүгінуге мүмкіндік береді: фото және бейне материалдар, аудио және бейне қоңырау салынған мәтіндік хабарлама. Геолокация пайдаланушының тұрған жерін анықтауға, қоңырауды қабылдауға немесе тұрған мекенжайын айтуда адамға қиындық туындаған жағдайда оған көмек көрсетуге мүмкіндік береді. «SOS» түймесі сигналдың геолокациясы бойынша патрульдің шұғыл шығуын талап етеді, - дейді СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Солтүстік Қазақстан облысы