• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2021

Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

144 рет
көрсетілді

Кастельонда (Испания) бокстан қазақстандықтар да қатысып жатқан халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық боксшы Василий Левит француз боксшысы Сейди Купемен жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жарыста 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Василий Левит шығады. Ширек финалда ол француз боксшысы Сейди Купемен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Левит жартылай финалға шығып, осы турнирде медаль алатындығы айқын болды.

Василий Левит – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019), Азияның үш дүркін чемпионы (2009, 2015, 2017). Сонымен қатар ол Қазақстан чемпионатында үш рет (2009, 2015, 2017) жеңіске жеткен.