• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2021

Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты

100 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Коронавирустың таралуы, қатаң шектеу шаралары, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуы, әлемдік мұнай мен мұнай өнімдері қорларының ұлғаюы және соған байланысты мұнай қоймаларының толып кетуі және көптеген мұнай өндіруші елдерде, соның ішінде Қазақстанда мұнай өндірісін тоқтату қаупінің туындауы салдарынан Үкімет «Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» қаулы жобаларын қабылдаған болатын. Үкімет және ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіру көлемін қысқарту аясында қабылдаған шаралардың нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың бағасы 1 баррель үшін 18–ден 50 долларға дейін өсті»,  деді министр.

Оның айтуынша, осындай бағалармен мұнай экспортынан түсетін есептік пайданың өсімі, өндірісті шектеуді ескергеннің өзінде 2020 жылы шартты түрде 10 млрд және 2021 жылы 14 млрд құрайды.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қоймаларындағы мұнайдың коммерциялық қорлары 3214 млн баррельден 3077 млн баррельге дейін төмендеді», Н. Ноғаев.