Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті. Жиналғандар арасында ІІО ардагер-әйелдер де бар, деп жазады Egemen.kz
Департамент бастығы Оңал Бекеев әйел-полицейлердің Көліктегі ішкі істер органдарының қалыптасуына қосқан зор еңбектерін атап өтті.
«Сіздер ер азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп еліміздің бүгіні мен болашағы жолында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап келесіздер»,деді ол.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Көліктегі ПД қылмыстық іздестіру, тергеу, кинология, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерінде мен кадр бөлімдерінде сержанттан бастап полковник шенінде 300-ге жуық әйел қызмет атқарады. Олардың басым көбінің ІІО-ғы еңбек өтіл 5 жылдан 20 жылға дейін аралықты құрайды.