ForteBank-тің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумда «Қазпочта» АҚ-ның пошта, агенттік және қаржылық қызметтер көрсету саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылған. Меморандумға сәйкес, Forte экожүйесінде ең алдымен ForteBank, ForteMarket және ForteMobile-да интернет-дүкендерге қызметтердің толық спектрін ұсынатын Kazpost-тің орындау орталықтарының қуатын, яғни тауарларды сақтаудан бастап оны орау және клиентке жөнелтуге дейінгі қызметті үйлесімді түрде пайдалану жоспарланып отыр.
«Біздің компанияның үлкен инфрақұрылымы және дұрыс жолға қалыптасқан логистикасы – бұл тек қана жеткізу ғана емес, сонымен қатар орындауды қоймаға толтыру сынды ілеспе қызметтері деуге болады. Бірнеше жылдан бері біз бұл саланы белсенді дамытып, екінші деңгейлі банктермен ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Бұл әсіресе банк кеңселері жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерде анық сезілуде. «Қазпочтаның» автоматтандырылған бөлімдерінің жартысынан көбі аудандар мен ауылдарда орналасқан, сәйкесінше біз жеткізу логистикасын қамтамасыз ете аламыз. Байланыстарды нығайту синергетикалық нәтиже берері сөзсіз», деді «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
Бірлескен жобаларды іске асыру кезінде тараптар ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, сондай-ақ логистика саласындағы ынтымақтастықты жоспарлауда.
«Бүгін қол қойылған меморандум біздің серіктестіктер үшін ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде іскери серіктестіктер орнатуға және дамытудың негізін қалап отыр. Бағыттардың бірі электрондық коммерция саласындағы серіктестік болады, енді Forte экожүйесінің құрамына кіретін ForteMarket базарының клиенттері үшін «Қазпочтаның» кез келген филиалында бүкіл Қазақстан бойынша жеделдетілген режимде өз тапсырыстарын алуына мүмкіндік туды», деді ForteBank Басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
ForteMarket 500-ден астам сатушылардан тұратын 200 000-нан астам тауарлар каталогын ұсынады. ForteMarket-те өнімді қолжетімді бағамен таңдап, тапсырыс беруге, соның ішінде несиеге немесе 12 және 24 айға бөліп төлеуге ыңғайлы. Клиент өтінімін 2 минут ішінде желіден мақұлдац алады.
«Қазпочтаның» филиалдық желісінде бүкіл Қазақстан бойынша 3728 филиал бар. Сондықтан облыстар мен алыстағы облыс орталықтарындағы, шағын қалалардың клиенттері кез келген пошта бөлімшелерінде тапсырыс алуға мүмкіндігі бар.
ForteBank – бұл еліміздегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктердің бірі. AQR қорытындылары ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растап отыр. 2020 жылы ForteBank The Banker журналының нұсқасы бойынша үшінші рет Қазақстандағы «Жыл банкі» атанды.
«Қазпочта» АҚ – Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы, Дүниежүзілік пошта одағында Қазақстанның Пошта әкімшілігінің атын әйгілеп жүр. Пошталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең ауқымын ұсынады. «Қазпочта» АҚ-ның еліміздің барлық елді мекенін қамтитын ең ірі филиалдық желісі бар. «Қазпочта» филиалдарының желісі – бұл электронды сауданы, көлік-логистикалық қызметтерді, бизнес пен тұрғындар үшін қаржылық қызметтерді ілгерілетудің тиімді құралы.