• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2021

Қызылордада есірткі тасыған күдікті ұсталды

220 рет
көрсетілді

«Шымкент-Самара» тасжолының Қармақшы ауданы аумағындағы бөлігінде полиция қызметкерлері  күдікті көрінген «ВАЗ-2115» автокөлігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция қызметкерлерін көрген жүргізушінің автокөліктің алдыңғы терезесінен полиэтилен пакетін лақтырып жібергені де күдікті одан сайын қоюлата түсіпті. Жедел-тергеу тобы жүргізген қарап-тексеру барысында пакет ішінен есірткі затына ұқсас жасыл түсті ерекше иісі бар шөп шықты.

Сараптама қорытындысы ерекше иісі бар шөптің салмағы 464,84 грамм болатын кептірілген марихуана екендігін анықтаған.

Күдікті жүргізуші Қызылорда қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.