• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Наурыз, 2021

Бал айында жүрген ерлі-зайыптылар оқыс жайттан қайтыс болды

1753 рет
көрсетілді

Батыс Аустралияның солтүстігіндегі танымал туристік қалада саяхаттап жүрген ерлі-зайыпты ұшақ апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

3 наурыз күні Мал Уоттс (Mal Watts) және Саманта Нуттолл (Samantha Nuttall) шағын ұшақпен серуендеуді жоспарлаған. Алайда ерлі-зайыпты байланысқа шықпаған соң, 4 наурызда жергілікті полиция іздеу операциясын бастады.

Іздеу операциясы басталғаннан шамамен үш сағат өткеннен кейін құтқарушылар Эксмут туристік қаласының оңтүстігінде Кейп-Рейндж ұлттық саябағының шатқалында ұшақтың құлағанын анықтайды. Уоттс пен Натоллдың денелері де табылған. Енді апаттың себептерін азаматтық авиация қауіпсіздігі басқармасы тексеріп жатыр.