• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Наурыз, 2021

Анастасия Городко әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

90 рет
көрсетілді

Фристайлдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында параллельді могулдан жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы сында 15 жастағы қазақстандық спортшы Анастасия Городко жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда Городко жапониялық спортшымен жарысқан болатын. Нәтижесінде, қарсыласы жарыс жолынан шығып, Анастасия өзінің секіру элементтерін сәтті орындады. 

Осылайша, Городко жартылай финалда Қазақстан атынан жалғыз өзі бақ сынайды. Оның кезекті қарсыласы - ресейлік Анастасия Смирнова. Ал Дмитрий Рейхерд ширек финалда канадалық Микаэль Кингберимен сынға түсіп, қарсыласына ұпай саны бойынша есе жіберді.