Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Asyq» мобильдік қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізіп жатыр. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иелері, 15 фитнес-орталығы, СПА және бассейн өкілдері бар. Төрт боулинг орталығы және 33 компьютерлік клубтың басшылары ноу-хауға қосылғысы келтіндіктерін айтты. Сәдуақас Байғабұлов қосымшаның елдегі эпидемиялық жағдайды бақылау мақсатында әзірленгенін хабарлады. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің статусын анықталатын болады.
Қосымша жұмысының мәні – пилоттық жобаға қатысуға шешім қабылдаған әрбір кәсіпкерлік субъектісіне жеке QR-код беріледі. Келушілер қосымшаны жүктеп алады және QR-кодты сканерлеген кезде үй-жайға кіре берісте олардың статусы инфекцияның тасымалдаушысы ретіндегі қауіптілік деңгейі бойынша анықталады.
– «Ashyq» қосымшасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының бастамасы бизнеске көмектесу және санитариялық нормаларды бұзбау үшін құрылған, – деді Сәдуақас Байғабұлов.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл мобильді қосымшамен келушілердің жұқтыру қаупі аз болады.