• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2021

СҚО-да өткен аптада өрттен 3 адам қайтыс болды

92 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында өткен аптада 15 өрт тіркеліп, 3 адам қайтыс болды, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды Egemen.kz СҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 101 пультіне 5 наурыз күні сағат 18.33-те Аққайың ауданы Ленинское елді мекенінде баспанадан өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнынан ер адамның денесі табылды. Өрттің шығуына газ үстінде қалған тамақ себеп болған. Өрт сөндірушілер келгенше дейін иіс тиген ер адамның денесін үйден әйелі алып шықты. Жалын бір шаршы метр аумақты шарпыған.

«Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде өрт шыққандығы жөнінде хабар 7 наурыз күні сағат 16.19-да түсті. Оқиға орнына бірден кезекші қарауыл аттанды. Ара қашықтық – 45 шақырым. Тек 58 минуттен кейін ғана жетті. Өрт сөндірушілер келгенде баспана жалынға оранып үлгеріпті, газ баллоны жарылған. Қар құрсауында қалған үйге жету қиындық туғызды. 400 метрдей жерден сөндіруге тура келді. Алайда баспана да, қасындағы көлік те толық жанып кетті», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев.

Үйде ер адам жалғыз тұрған. Оның айтуынша, бөлмеде темекі шеккен, өрт содан шыққан.

Жалпы жыл басынан СҚО-да 145 өрт тіркелді, 22 адам мерт болды, соның екеуі - бала. 22 адам түрлі дене жарақатын алды. Келген шығын мөлшері – 71 млн теңгеден асады. Өрттердің 77 %-ы жеке тұрғын үй секторында болған.