• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2021

Алматыда 18 жастағы қызды автобус қағып кетті

377 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде жаяу жүргінші өткелімен жолды кесіп өтпек болған қызды автобус қағып кеткені туралы видео тарады. Оқиға Алматы қаласында болған. Қалалық ПД баспасөз қызметі оқиға бүгін таңғы 8:30-да Жетісу ауданында орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде таралған видеодан жол шетінде тұрған қыздың жаяу жүргінші жолағына жүгіріп шыққанын көруге болады. Тежегішті басып үлгермеген автобус қызды қағып кеткен.

«Оқиға бүгін таңғы 8:30-да Жетісу ауданында болған. «Лиаз» автобусының жүргізушісі Ә.Жангелдин көшесімен солтүстікке бағытта келе жатып 18 жастағы бойжеткенді қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер жолымен өтпек болған. Бойжеткен оқиға орнынан облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған деректі қазір Жетісу аудандық ПБ тексеріп жатыр», делінген хабарламада.