• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2021

Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

112 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтөбе қаласында 312 атқыштар дивизиясы мен К.Нокин даңғылының қиылысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

«JAC» автобусының жүргізушісі (жолаушыларсыз) реттелетін қиылыстан өту ережелерін бұзып, (бағдаршамның қызыл сигналына өтіп) «Toyota Fortuner» маркалы автокөлігімен соқтығысты, «Toyota Fortuner» автокөлігі бағытын өзгертіп, «Ваз-21074» маркалы автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Toyota Fortuner» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және дене жарақаттары бар автобустың жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жіберілді.Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолдарда қырағы болу қажеттігін ескертеді.