Біз бұған дейін де тек соңғы тәулікте жаңадан 160 адамның індет жұқтырғанын хабарлаған едік. Не десек те, Алматы қаласында эпидемиялық жағдай қайта нашарлады. Ал мұны немен түсіндіруге болады? Енді не істеу керек? Бұл сауалдарға Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жауап берді, деп хабарлайды Еgemen.kz
Сонымен наурыз айында індеттің қайта өршуіне ауа райының жылынып, қалалықтар және қала маңындағы тұрғындардың барыс-келісінің көбеюі септесіп отыр. Бұл жерде жетекші рөл қоғамдық көліктер мен сауда орындарына бұйырып тұр (сауда объектілерінде 22%, қоғамдық көлікте 18% жұқтырған).
Оған қоса оң ПТР-тестері бар, КВИ-дің симптомсыз және жеңіл түрлеріне шалдыққан азаматтар да өзін-өзі оқшаулау режимін жиі бұзып отыр.
Эпидемияның нашарлауы соңғы мерекелермен байланысты ма? Олай болса, Наурыз мейрамында не істеу керек? Жағдайды қалай ушықтырмауға болады, деген сауалға Әсел Қалықова: «Кез келген мерекелер қарым-қатынас пен байланыстарды көбейтуге көмектеседі. Өз кезегінде мерекелер де жағдайдың нашарлауына ықпал етті. Өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы қаласы эпиджағдайды бағалау матрицасының қызыл аймағына өтті, сондықтан жақында шектеу шараларын күшейтуді көздейтін және коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар жасауға бағытталған Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысына қол қойылады» деді.
Ауа-райы эпиджағдайға қалай әсер етеді? Жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі артады немесе азаяды ма? Көшеде байланыс кезінде жұқтыруға бола ма?
Алматылықтар қай жерде жиі жұқтырады? Жас құрылымы қандай?
КВИ-ді тұрғындарының жиі жұқтыратын орындары-қоғамдық көлік, отбасылық байланыстар, сауда-саттық нысандары мен базарлар екені белгілі. Ал бұл бір-біріне жұқтырыуын жоғарыда атап өткендей 3%-ға көтеріп отыр. (33% - дан 36% - ға дейін), қоғамдық орындарға барудан індет табу 1,5%-ға артты.
КВИ науқастарының жасы бойынша құрылымы іс жүзінде өзгермейді және соңғы 14 күнде 14 жасқа дейінгі 169 жеткіншек, 15-19 аралығындағы 75, 20-39 арасындағы 560, 40-59 арасындағы 434, жасы 60-тан асқан адам індетке шалдықты.
Осының алдында індеттің беті қайтқандай болған кезде міндетті түрде маска тағуда да қала тұрғындары салықтық танытты. Бұл инфекцияның өсуіне әсер етті ме ме, деген сауалға да әрине де жауап беруге тура келеді.