• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Наурыз, 2021

Ақтау қаласында дзюдодан ашық Азия чемпионаты өтеді

235 рет
көрсетілді

13-14 наурыз күндері Ақтау қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге 8 елден 200-ден астам татами шебері қатысатыны жоспарланған.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингілік ұпайлар беріледі:

1 орын – 100 ұпай, 2 орын – 70 ұпай, 3 орын – 50 ұпай. Екі күнге созылатын жарыс кестесі:

13 наурыз күні қатысатындар:

Ерлер: 60, 66, 73 келі.

Әйелдер: 48, 52, 57, 63 келі.

 

14 наурыз күні қатысатындар:

Ерлер: 81, 90, 100, +100 келі

Әйелдер: 70, 78, +78 келі