• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Хоккей 10 Наурыз, 2021

Ресейлік хоккейші жаттығу кезінде қайтыс болды

197 рет
көрсетілді

Ресейлік хоккейші Игорь Хацей 48 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Спорт-Экспресске» сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, спортшы Мәскеудегі Талалихин көшесіндегі мұз айдынында көркемөнерпаздар командасын жаттықтыру кезінде есінен танып қалған.

REN TV Игорь Хацейдің мәйіті ойын залындағы орындықтың жанынан табылғанын жеткізді.

И. Хацей - Челябі шайбалы хоккей клубының тәрбиеленушісі.  Ол қорғаушы ретінде «Трактор» , «Челябинск», «Спартак», «Авангард» командаларындағы ойындарымен танымал. Омбылық команда құрамында ол 1996 жылы қола медаль жеңіп алған.