• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2021

Ахуал оңалып келеді

232 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір өңіріміз «сары аймақта», яғни індетпен ауырғандардың саны азайып келеді. Оның бір себебі індетке қарсы жүргізілген екпе эпидемиялық ахуалдың жақсаруына әсер етті. Ал індет жұқтырушылар санының азаюы – шектеу шараларын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Өткен аптада облыста 2 246 адам ПТР-тест тапсырған. Оның ішінде 81 науқастан індет анық­талып, 66 емделуші симп­томды түрін жұқтырса, 15 адам сим­п­том­сыз вируспен ауыруда. Қазір­гі уақытта 493 науқас стацио­нар­да ем қабылдауда,

1 238 адам амбулаторлық дең­гейде. Ал ин­фек­циялық госпи­тальдің жүк­­те­­месі 30,8 пайызды құра­са, жан­­сақтау бөлімінің жүкте­месі 19 па­йызға тең. Індет жұқтыр­ған­­дар­дың ішінде 82 бала бар, 11 жас­­өспірім стацио­нарда ем алуда.

– Өңірде вакциналаудың екінші кезеңі жүргізілуде. Вакци­на егудің бірінші кезеңін­де 1 200 адам екпе қабылдады. Олардың арасында кері әсері байқалғандар жоқ. Наурыз айында 2 760 адамға екпе салынады деп жоспарлануда. Бұл үшін өңірде 107 егу кабинеті дайындалып, 1 125 дәрігер арнайы оқудан өтті. Қазір екпе егу барысы өз деңгейінде жүргізіліп жатқандықтан, наурыз айында жағдай қалыпты болады деген ойдамыз, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова.

Осы бір жыл ішінде 430 жүкті әйел КВИ белгілерімен, 227 жүкті әйел пневмониямен есепке алынған. Қазір 15 жүкті әйел індетпен, 1 әйел пневмониямен стационарда ем қабылдауда.

Жалпы облысқа ресейлік «Спутник V» препаратының 80 мың дозасы бөлінген. Бұл күндері бекітілген кестеге сәйкес, мұғалімдер, алғашқы кезеңде екпе алмаған дәрігерлер вакцина салдыруда. Өз еркімен вакцина қабылдағысы келетін тұрғындарға да мүмкіндік беріледі, тегін алады.

С.Арыстанованың айтуынша, індетті қайтадан жұқтырған жағдай тіркелмеген. Өйткені қайта жұқтыруды қадағалау мүмкін емес. Мысалы, бірінші толқын кезінде ауру белгілері болған науқастардың барлығы бірдей ПТР зерттеу жасай алмаған. Облыс орталығында бір ғана зертхана болды.

Қазір облыстың бас санитар­лық дәрігерінің Қаулысына орай бірқатар шектеу жеңіл­деді. Бірақ алдағы айларға қан­дай мүм­кіндік беріледі, әлі белгі­сіз. Монша, шаштараздар, сау­да орын­дары, базарлар жұмыс іс­­теуде. Қала ішіндегі көлік­тер өз ба­ғыттарында қаты­нап жүр. Ки­но­театрлар қызметі­не рұқсат бе­рілді. Кө­рер­мендер арасындағы арақа­шық­ сақталады.

Қазір облыс мектептеріндегі бастауыш және 5-сыныптарда құрылған кезекші топтар енді аралас оқу жүйесіне көшті. Яғни сабақтың 70 пайызын мектепте, 30 пайызын үйде оқуда. Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Жанат Асайынованың айтуынша, қазір 300-ге дейінгі оқушысы бар 236 мектеп жұмыс істеп жатыр. Ал одан артық оқушысы бар мектептер аралас жүйеге көшті.

Тойдың азаюуы да індеттің беті қайтуына әсер етті. Облыс орталығындағы бірнеше мейрамхана «Отбасылық киімдер», «Ойыншықтар», «Әлеуметтік арзан азық-түлік» дүкендеріне айналды.

 

Павлодар облысы